2025-2026 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық мобильділік бағдарламасы аясында, Урумчи қаласындағы Синьцзянь медициналық университетіне «Стоматолог-терапевт көмекшісі» тақырыбында тәжірибе өту үшін конкурс жарияланады.
1. Синьцзянь медициналық университеті – 10 орын
Оқу мерзімі – көктемгі семестр (14.05.2026-27.05.2026)
Жартылай қаржыландыру (ұшақ билеттері екі жаққа университет есебінен, оқу және тұру тегін, тамақтану студенттің өз есебінен).
Ағылшын тілін меңгеру деңгейі: B2/IELTS 6.5 (сертификат)
EFSET сертификаттары қабылданбайды
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 13.02.2026-20.02.2026
Конкурсқа қатысу үшін талаптар:
1. Академиялық қарызының болмауы;
2. Дисциплинарлық жазалардың болмауы;
3. GPA – 3.2-ден кем емес (қайталап өтетін студенттер үшін – 3.6);
4. Халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жүлделі орындар (қалаулы);
5. Шетел тілін меңгеру деңгейі B2-ден төмен болмауы, бұл халықаралық сертификаттармен (IELTS – 6.5) немесе оқу мекемесі берген B2 деңгейі туралы сертификатпен расталуы керек.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. CV /резюме
2. Мотивациялық хат
3. Рекомендациялық хат
4. Фото 3*4
5. Паспорт (көшірмесі)
6. Транскрипт
7. Англий тілін меңгеру туралы сертификат
8. Халықаралық немесе республикалық деңгейдегі жүлделі орын туралы диплом немесе грамота.
*Шет елдер үшін барлық құжаттар ағылшын тілінде болуы тиіс
*Конкурсқа тек ҚР азаматтары қатыса алады
Конкурсқа өтініштерді қабылдау
Халықаралық ынтымақтастық орталығында
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 13.02.2026-20.02.2026
Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Бейбітшілік 49 А, басты корпус 49 А, 414 кабинет
Координатор: Мерей Канатовна
Консультация және құжаттарды қабылдау уақыты: 16:00-17:00
Конкурс өткізу күні: кейінірек хабарланады