Елордада медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық форумы өтті.
Елордада медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің Республикалық форумы өтті.
Форумға еліміздің түкпір-түкпірінен студенттер, ректорлар мен проректорлар, академиялық қоғамдастық пен денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдері жиналды. Қатысушылар қазіргі заманғы медициналық білім беру мәселелерін және дәрігердің қоғамдағы рөлін талқылады.
Негізгі назарда «Толық адам» концепциясы болды — бұл кәсіби білімді, жауапкершілікті және адамдармен жұмыс істей білетін дәрігер. Бүгінде маман үшін тек медициналық көмек көрсету жеткіліксіз, пациенттермен сенімге негізделген қарым-қатынас құру, шешім қабылдау және командада жұмыс істеу де маңызды.
Форум барысында қатысушылар денсаулық сақтау саласында цифрлық технологияларды енгізуге арналған инновациялық студенттік жобалармен танысты. «Жасанды интеллект және денсаулық сақтаудағы цифрландыру» көрмесі ерекше қызығушылық туғызды, онда медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға арналған шешімдер ұсынылды.
Байқау жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.