Астана медицина университеті базасында «Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби бірегейлік, жауапкершілік және көшбасшылық» атты республикалық форум өтеді

Астана медицина университеті базасында «Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби бірегейлік, жауапкершілік және көшбасшылық» атты республикалық форум өтеді

Астана медицина университеті  базасында «Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби бірегейлік, жауапкершілік және көшбасшылық» атты республикалық форум өтеді

2026 жылғы 18–19 ақпан күндері Астана медицина университеті базасында медициналық жоғары оқу орындары студенттерінің «Дәрігердің тұтас тұлғасы: кәсіби бірегейлік, жауапкершілік және көшбасшылық» атты республикалық форумы өтеді.

 Форум еліміздің медициналық жоғары оқу орындарының басшылары мен өкілдерін, студенттерді, жастар ұйымдарының көшбасшыларын, денсаулық сақтау жүйесінің сарапшыларын және мемлекеттік органдар өкілдерін біріктіреді. Пленарлық отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі, медициналық университеттердің ректорлары және кәсіби қоғамдастық өкілдерінің қатысуы күтілуде.

Форумның басты мақсаты – болашақ дәрігерлерде мамандықты қоғамға қызмет ету миссиясы ретінде заманауи түсінік қалыптастыру. Бұл ұстаным жауапкершілікке, медициналық этикаға, тиімді коммуникацияға және көшбасшылыққа негізделеді. Адам капиталын дамыту мен қоғамның денсаулық сақтау жүйесіне деген сенімін нығайту бағдары ретінде «Толық адам» құндылықтық моделіне ерекше назар аударылады.

 Екі күн ішінде қатысушылар келесі бағыттар бойынша пікір алмасады:
— цифрландыру жағдайында дәрігердің кәсіби бірегейлігі мен беделі;
— болашақ маманның көшбасшылығы мен клиникалық ойлау қабілеті;
— медициналық коммуникация және пациентпен өзара іс-қимыл;
— дәрігердің әлеуметтік жауапкершілігі және медициналық қателіктерді талдау;
— студенттік өзін-өзі басқару, волонтерлік қызмет және әлеуметтік жобалардың рөлі.

Форум бағдарламасына денсаулық сақтау саласының сарапшыларымен дәрістер мен пікірталастар, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша дөңгелек үстел, студенттік бастамалардың таныстырылымдары, сондай-ақ «Денсаулық сақтаудағы жасанды интеллект және цифрландыру» тақырыбындағы жобалар көрмесі мен байқауы енгізілген.

 Жеке бөлім Қазақстанның медициналық жоғары оқу орындары арасындағы тәжірибе алмасуға арналады. Студенттік көшбасшылар академиялық ортаны дамыту, командалық жұмыс және әлеуметтік белсенділік бағытындағы үздік тәжірибелерін ұсынады.

Форум болашақ дәрігерлердің, академиялық қауымдастық пен мемлекеттің XXI ғасыр дәрігері қандай болуы тиіс деген өзекті мәселе төңірегінде ашық диалог алаңына айналады. Ол – жоғары кәсіби құзыреттілікке ие, жауапты азамат және күрделі әрі қарқынды өзгеріп жатқан денсаулық сақтау жүйесінде шешім қабылдай алатын көшбасшы.

Өтетін орны: Астана медицина университеті , Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49А, акт залы.
Күні: 2026 жылғы 18–19 ақпан.
Басталуы: 09:00.
БАҚ үшін аккредитация: +7 771 123 67 77, Нургуль Кадесова
Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика