2026 жылғы 27 ақпанда сағат 10:00-де Астана медицина университетінде жылдың басты мансаптық іс-шарасы — «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» өтеді.
Іс-шараға Қазақстанның 17 облысы мен 3 мегаполисінің денсаулық сақтау басқармаларының өкілдері, сондай-ақ еліміздің жетекші медициналық ұйымдары қатысады. Қатысушылар өзекті бос жұмыс орындарымен танысып, экспресс-сұхбаттан өтіп, түйіндемелерін қалдырып, өңірлердегі әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат ала алады.
Күні: 2026 жылғы 27 ақпан
Уақыты: 10:00
Өтетін орны: Астана қ., Абай даңғылы 47, 1-қабат
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі – 2026» түлектер мен студенттерге жұмыс берушілермен тікелей байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесінде кәсіби жолды бастауға маңызды алаң болмақ.
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2026»
«Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі-2026»