Астана медицина университетінде некеге мәжбүрлеудің, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және сталкингтің алдын алу шаралары талқыланды

Астана медицина университетінде некеге мәжбүрлеудің, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және сталкингтің алдын алу шаралары талқыланды

Астана медицина университетінде некеге мәжбүрлеудің, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың және сталкингтің алдын алу шаралары талқыланды

Астана медицина университетінде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және некеге мәжбүрлеуге, сталкингке, сондай-ақ әйелдерге қатысты өзге де зорлық-зомбылық түрлеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға бағытталған ақпараттық науқан өтті.

   Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері — Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Касымжомарт Бейсенбай және Полиция басқармасының Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің инспекторы Ақдидар Шаримбекова қатысты.

   Аталған бастама Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық құрылтайдың V отырысында берген тапсырмаларын іске асыру аясында жүзеге асырылуда. Іс-шараның мақсаты — қылмыстық заңнаманың жаңа нормаларын түсіндіру және қоғамда зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын нығайту.

   Тақырыптың өзектілігі білім алушылардың белсенді қатысуымен расталды: университеттің акт залы студенттерге лық толып, қатысушылар спикерлерге бірқатар сұрақтар қойды.

   Спикерлер қылмыстық жауапкершілік көзделген құқық бұзушылықтар бойынша нормаларды жан-жақты түсіндірді:

некеге мәжбүрлеу;

сталкинг (қудалау);

денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру;

отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы ұрып-соғу.

   Зардап шеккендер үшін іс-қимыл алгоритміне ерекше назар аударылды. Студенттерге өз құқықтарын қорғау үшін қайда жүгіну қажет екені, қудалау мен зорлық-зомбылық фактілерін қалай тіркеу керектігі, сондай-ақ заңнамада қандай жауапкершілік шаралары көзделгені түсіндірілді.

   Сонымен қатар мұндай әрекеттердің ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарға қатысы жоқ екені және олардың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатыны ерекше атап өтілді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика