VII Халықаралық қатысуымен өтетін «Гастроэнтерология 2026» Конгресі

VII Халықаралық қатысуымен өтетін «Гастроэнтерология 2026» Конгресі

VII Халықаралық қатысуымен өтетін «Гастроэнтерология 2026» Конгресі

2026 жылғы 27–28 ақпанда Астана қаласында жылдың маңызды ғылыми оқиғаларының бірі — VII Халықаралық қатысуымен өтетін «Гастроэнтерология 2026» Конгресі ұйымдастырылады. Ауқымды жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, АҚШ, Үндістан, Қытай, Украина және Армения елдерінен жетекші әлемдік сарапшылар қатысады.

 Конгресс заманауи гастроэнтерологияның өзекті мәселелерін талқылауға және халықаралық тәжірибе алмасуға арналған кәсіби алаң болмақ.

 Ғылыми бағдарлама ересектер мен балалардағы ас қорыту жүйесі ауруларын диагностикалау мен емдеудің өзекті қырларын қамтиды. Сонымен қатар, клиникалық тәжірибеге заманауи диагностикалық және емдеу әдістерін енгізуге бағытталған.

Іс-шара түрлі мамандықтағы тәжірибелі дәрігерлерді біріктіреді: гастроэнтерологтар, гепатологтар, терапевтер, отбасылық дәрігерлер, педиатрлар, инфекционистер, эндоскопистер, хирургтар және радиологтар.

Ғылыми бағдарлама тақырыптары:                                                                                                                                                                                                                  Асқазан-ішек жолының жоғарғы бөлімдері ауруларын диагностикалау мен емдеудегі жаңалықтар

 Бауыр мен өт шығару жолдары ауруларын диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері

 Ұйқыбезі мен ішек ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелері

 Балалар гастроэнтерологиясы

 Гастроэнтерологиядағы қатар жүретін аурулар

 Ісік алды жағдайларды диагностикалау және жүргізу тактикасы

Өтетін орны мен уақыты:

-Күні: 2026 жылғы 27–28 ақпан

-Қала: Астана

-Өтетін орны: Wyndham Garden Astana

-Мекенжайы: Хусейн бен Талал көшесі, 25

-Тіркеу: 27–28 ақпан, сағат 08:00-ден бастап

-Өткізу форматы: офлайн және онлайн

Аккредитация мәселелері бойынша: +7 771 123 6777 (WhatsApp) — Нургуль Нуржановна, Астана медицина университетінің баспасөз қызметінің жетекшісі.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика