«Гастроэнтерология 2026» Конгресіне 4500-ден астам маман қатысты

«Гастроэнтерология 2026» Конгресіне 4500-ден астам маман қатысты

«Гастроэнтерология 2026» Конгресіне 4500-ден астам маман қатысты

2026 жылғы 27–28 ақпанда Қазақстан Республикасының астанасы — Астана қаласында VII Халықаралық «Гастроэнтерология 2026» конгресі өтті. Ауқымды іс-шара аралас форматта ұйымдастырылды: делегаттар форум алаңына тікелей қатысып, сонымен қатар әртүрлі елдерден қосылған мамандар үшін онлайн тікелей көрсетілім жүргізілді.

 Конгрестің ұйымдастырушылары — Астана медицина университеті, «Гепатология және гастроэнтерология саласының мамандары қоғамы» қоғамдық бірлестігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі қолдауымен өткізілді.

Конгресс жұмысына 4500-ден астам маман қатысты, олардың 200-ден астамы іс-шараға тікелей келіп қатысты.

Екі күн бойы Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Украина және Армения Республикасынан келген халықаралық сарапшылар, сондай-ақ қазақстандық жетекші ғалымдар ас қорыту жүйесі ауруларын анықтау мен емдеудің заманауи қырларына арналған баяндамалар жасады.

Ғылыми бағдарламаның басты назарында өңеш, асқазан, он екі елі ішек және ішек ауруларын анықтау мен емдеу мәселелері болды. Сонымен қатар бауыр, өт шығару жолдары және ұйқыбезі ауруларын емдеудің заманауи тәсілдері ұсынылды. Ересектер мен балалар гастроэнтерологиясы, сондай-ақ ісік алды жағдайларды анықтау және оларды жүргізу тактикасы да кеңінен қарастырылды.

Конгресс бағдарламасына жалпы отырыстар, тақырыптық бөлімдер, оқыту семинарлары, дөңгелек үстелдер және клиникалық талдаулар енгізіліп, қатысушыларға тәжірибе алмасуға және қазіргі гастроэнтерология саласының өзекті мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

Форум қорытындысы бойынша барлық делегаттарға қатысушы куәліктері табысталды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика