Акерке Чаяковаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша PhD дәрежесі берілді

Акерке Чаяковаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша PhD дәрежесі берілді

Акерке Чаяковаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша PhD дәрежесі берілді

2026 жылғы 12 ақпанда Акерке Чаяковаға «Қоғамдық денсаулық сақтау» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

Ақерке Чаякова 2016 жылы Астана медицина университеті оқу орнын үздік тәмамдап, 2018 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау» бағыты бойынша магистратураны аяқтады. Қазіргі таңда ол эпидемиология және биостатистика кафедрасының оқытушы-зерттеушісі ретінде ғылыми және академиялық қызметті белсенді түрде дамытып келеді.

Сонымен қатар, Акерке Чаякова 2024–2026 жылдарға арналған Жас Ғалым жобасы аясында жас ғалымдардың зерттеулеріне жетекшілік етіп, еліміздің ғылыми әлеуеті мен қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің дамуына үлес қосуда.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы — «Шұғыл медициналық көмекті көрсетудегі медициналық-әлеуметтік және инфрақұрылымдық кедергілерді бағалау үшін геоақпараттық жүйелерді пайдалану». Зерттеу шұғыл көмектің қолжетімділігін бағалау және жедел жәрдем бригадаларының жету уақытына әсер ететін факторларды анықтау мақсатында ГАЖ тәсілін әзірлеуге және қолдануға бағытталған.

2020–2024 жылдар аралығында Астана қаласы бойынша жедел жәрдем шақыртуларының деректерін талдау негізінде жүктемесі жоғары аудандар, сондай-ақ жету уақыты белгіленген нормативтерден асатын учаскелер айқындалды. Алынған нәтижелер ресурстарды тиімді бөлуге және халық үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Диссертациялық кеңес мүшелері зерттеу жұмысының өзектілігін және шұғыл медициналық көмекті дамытуға қосқан үлесін жоғары бағалады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика