Астанада аға буын өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Астанада аға буын өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті

Астанада аға буын өкілдері арасында үстел теннисінен турнир өтті

2026 жылғы 28 ақпанда Астана қаласында елорда тұрғындарының егде жастағы өкілдері арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырылды. Іс-шара салауатты өмір салтын насихаттауға және белсенді ұзақ өмір сүру қағидаттарын дамытуға бағытталды.

Турнирге Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Байқоңыр ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары, сондай-ақ ауған соғысының ардагерлері қатысты. Жалпы спорт алаңына 40-қа жуық қатысушы шықты.

Жарысты ұйымдастыру және өткізу жұмыстарын Астана медицина университеті дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары қамтамасыз етті. Турнир тартысты әрі достық жағдайда өтіп, қатысушыларды белсенді өмір салтына ұмтылыс, спорттық жігер және еркін қарым-қатынас аясында біріктірді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

Әйелдер арасында:
 I орын — Кульпаш Темирбекова
 II орын — Сара Тилеукенова
 III орын — Нина Самсонова

Ерлер арасында:
 I орын — Мурат Омаров
 II орын — Бисенгали Жумашев
 III орын — Абай Шарипов

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика