Жасанды интеллект әлеміне көпір: «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңі

Жасанды интеллект әлеміне көпір: «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңі

Жасанды интеллект әлеміне көпір: «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңі

Қазақстанда «AI-Sana» бағдарламасының II кезеңі басталып, еліміздің 100 000 студенті, магистранттары мен докторанттары үшін ерекше мүмкіндіктер ашады.

Бағдарлама Lumos Capital Group компаниясының негізін қалаушылардың бірі және Қазақстан Президенті жанындағы жасанды интеллект саласындағы даму кеңесшісі Пол Кимнің қатысуымен әзірленді. Спикерлер арасында Stanford және MIT сияқты жетекші университеттердің профессорлары, сондай-ақ Кремний алқабынан инвесторлар мен стартап негіздеушілер бар.

 Бағдарламаның басты құндылығы — тәжірибе және нақты дағдылар. Қатысушылар:

 l Жасанды интеллект технологияларын меңгеріп, Google Colab ортада нақты Python кодымен жұмыс істей алады;

 l Нейрондық желілер мен ірі тілдік модельдердің жұмыс принциптерін түсініп, оларды практикалық тапсырмаларды шешуде қолдануды үйренеді;

 l Кәсіпкерлік ойлау қабілетін дамытып, технологиялық идеяларды венчурлық инвесторлар мен стартап негіздеушілермен бірге бағалай алады;

 Қазақстан экономикасының басым салаларынан нақты кейстермен жұмыс істейді: денсаулық сақтау, энергетика, қаржы, агроөнеркәсіп кешені, білім беру;

l Capstone-жобасы арқылы өз бизнес-жоспарын әзірлеп, стартаптың 12 кезеңінде 240 негізгі сұрақты қарастырады және үздік жұмыстарды Peer Gallery-де жариялау мүмкіндігіне ие болады;

 l Alem.ai резиденті болу мүмкіндігін алады.

Тіркелу 2026 жылғы 10 наурызға дейін, тестілеу 2026 жылғы 15 наурызға дейін қолжетімді болады.

Тіркелу және тестілеуден өту PlatonusApp мобильді қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

 Барлық сұрақтар бойынша АҚ «Фонд науки» өкілі Юлия Вяткинаға     8 701 684 1825 телефоны арқылы хабарласуға болады.

«AI-Sana» бағдарламасы — болашаққа көпір, онда білім мен практикалық дағдылар технологиялар мен кәсіпкерлік саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

 

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика