2026 жылғы 12 наурызда Астана Медицина Университетінде Дүниежүзілік бүйрек күніне арналған ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шара «Барлығына сау бүйрек – адамдарға қамқорлық жасап, планетаны қорғайық» ұранымен ұйымдастырылады.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Астана Медицина Университетінің Ішкі аурулар кафедрасы №4 және Қазақстан Республикасының Ұлттық бүйрек қоры.
Конференция аясында мамандар бүйрек ауруларын алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелерін, сондай-ақ Қазақстандағы нефрологиялық көмекті дамыту бағыттарын талқылайды.
Созылмалы бүйрек ауруы – ғаламдық денсаулық сақтау саласындағы ең маңызды проблемалардың бірі. Сарапшылардың бағалауы бойынша, әлемде әр он адамнан бірі осы аурудан зардап шегеді. Ауру көбіне алғашқы кезеңдерде симптомсыз өтеді, сондықтан уақытылы диагностика мен профилактика ерекше маңызды.
Конференцияның негізгі тақырыптары:
Созылмалы бүйрек ауруын ерте диагностикалау және асқынуларды алдын алу;
Диализдік көмек пен бүйрек трансплантациясын дамыту;
Нефропротективтік терапияның заманауи тәсілдері;
Нефрология саласындағы кадрларды дайындау және ғылыми-білім беру платформасын дамыту;
Халық арасында бүйрек ауруларын алдын алу бойынша хабардарлықты арттыру.
Іс-шара бағдарламасы:
1. Нефрология саласындағы жетекші мамандардың баяндамалары;
2. Созылмалы бүйрек ауруларын диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылау;
3. Дәрігерлер, ғалымдар және денсаулық сақтау мамандары арасында тәжірибе алмасу.
Конференцияға Астана Медицина Университетінің профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдері мен студенттері, нефролог дәрігерлер, терапевтер, жалпы практика дәрігерлері, трансплантологтар және экстракорпоральдық гемокоррекция бөлімдерінің мамандары қатысады.
Күні: 2026 жылғы 12 наурыз
Уақыты: 14:00
Өтетін орны: Актив зал
Мекенжайы: Бейбітшілік к-сі, 49а
Форматы: офлайн
БАҚ үшін тіркелу нөмірі: +7 (771) 123-67-77, Нургуль Нуржановна