ФАРМАЦИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында көктемгі семестрде екі апталық өндірістік практиканы өту үшін келесі шетелдік университеттерде конкурс жарияланады:
1. Фармация мектебінің 4-курс студенттері үшін:
Санкт-Петербург мемлекеттік химия-фармацевтикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей) – 5 орын
Оқу мерзімі: 2 апта
Практика тақырыптары:
- «Фармакогнозия» – 1 апта
- «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» – 1 апта
Қаржыландыру:
- Екі жаққа авиаперелёт – университет қаражаты есебінен;
- Тұру (5 000 рубль ≈ 31 657 теңге), оқу (32 000 рубль ≈ 202 610 теңге) және тамақтану – студенттердің жеке қаражаты есебінен.
2. Медицина мектебінің 4-курс студенттері үшін:
Витебск мемлекеттік медициналық университеті (Витебск, Беларусь) – 10 орын
Оқу мерзімі: 26.05.2026 – 08.06.2026 (2 апта)
Практика тақырыбы: «Терапевтік профиль дәрігерінің ассистенті»
Қаржыландыру:
- Екі жаққа авиаперелёт – университет қаражаты есебінен;
- Тұру және оқу – тегін;
- Тамақтану – студенттердің жеке қаражаты есебінен.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: 2026 ЖЫЛҒЫ 20 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. академиялық қарызының болмауы;
2. тәртіптік жаза болмауы;
3. GPA – 2,6-дан жоғары (қайта өтініш берушілер үшін – 3,6);
4. халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындардың болуы (құпталады).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Түйіндеме
2. Мотивациялық хат
3. Қол қойылған ұсыным хат
4. 3×4 көлеміндегі фото (2 дана)
5. Паспорт (көшірмесі)
6. Транскрипт (бакалавриат дипломына қосымша)
7. Өтініш – өз мектебінің деканының қолымен (Фармация немесе Медицина).
* Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары ғана қатыса алады.
ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 10.03.2026 – 20.03.2026
Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру (16:00–17:00):
- Фармация – кабинет 405, жауапты: Тулеубаева Алина Жаннатовна
- Медицина – кабинет 414, жауапты: Сатаева Мерей Қанатқызы
Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.