ХАБАРЛАНДЫРУ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ

ХАБАРЛАНДЫРУ 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ ТУРАЛЫ

ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР (ЖМ 3 курс, ЖМ 4 курс, хирургия және урология резиденттері, ҚДС және М 1 курс магистранттары)!

 

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында келесі шетелдік университеттерде оқу үшін конкурс жарияланады:

 

1. Sapienza Università di Roma, Италия – 2 орын

Білім беру бағдарламасы «Жалпы медицина» – 3 курс

Оқу кезеңі – 2026 оқу жылының бірінші семестрі (қазан айынан бастап)

Ішінара қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;

тұру, тамақтану, виза – білім алушылардың өз қаражаты есебінен.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20.03.2026 дейін

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 

2. University of Health Sciences, Пәкістан – 5 орын

Білім беру бағдарламасы «Жалпы медицина» – 4 курс

Клиникалық тағылымдама

Бағыттар – Emergency Medicine, Internal Medicine

Оқу кезеңі – 2026 жылғы 10 маусымнан бастап (2 апта)

Тілі – ағылшын

Барлық шығындар білім алушылардың өз қаражаты есебінен.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20.03.2026 дейін

Тек Пәкістан азаматтары үшін.

 

3. Université Évry Paris‑Saclay, Франция – 5 орын

Халықаралық жазғы мектеп

Білім беру бағдарламасы: ҚДС және М 1 курс магистратурасы, Медицина.

Оқу кезеңі – 2026 жылғы 3–10 маусым

Тілі – ағылшын

Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;

тұру және бағдарлама – 1200 еуро, білім алушының өз қаражаты есебінен.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20.03.2026 дейін

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 

4. Guangzhou University, Қытай – 6 орын

Білім беру бағдарламасы «Жалпы медицина» – 4 курс, 3 студент

«Хирургия, урология» білім беру бағдарламалары – 3 резидент

Тілі – ағылшын

Оқу кезеңі – 2026 жылғы маусым

Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;

тұру және тамақтану – білім алушылардың өз қаражаты есебінен.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20.03.2026 дейін

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 

5. Atatürk University, Түркия – 5 орын

Білім беру бағдарламасы «Жалпы медицина» – 4 курс

Клиникалық тағылымдама

Бағыттар:

Pediatrics (Балалар денсаулығы және аурулары)

General Surgery (Жалпы хирургия)

Obstetrics and Gynecology (Акушерия және гинекология)

Internal Medicine (Ішкі аурулар)

Emergency Medicine (Шұғыл медицина)

Оқу кезеңі – 2026 жылғы маусым (2 апта)

Тілі – түрік тілі (кемінде B1 деңгейі)

Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;

тұру және тамақтану – білім алушылардың өз қаражаты есебінен.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 20.03.2026 дейін

Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

1. академиялық қарыздың болмауы;

2. тәртіптік жазалардың болмауы;

3. GPA – 3,2‑ден жоғары (қайта тапсырушылар үшін – 3,6);

4. халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жетістіктерінің болуы (құпталады);

5. оқу тілін B2 деңгейінен төмен емес меңгеру (IELTS 6.5 немесе B2 сертификаты).

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

1. CV / Резюме

2. Motivation Letter / Мотивациялық хат

3. Recommendation Letter / Ұсыным хат

4. Фото 3×4

5. Паспорт

6. Транскрипт (оқудың барлық кезеңі үшін)

 

*Алыс шетелге арналған бағдарламалар үшін құжаттар ағылшын тілінде ұсынылады.

 

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус, 414 кабинет

Кеңес беру және құжат қабылдау уақыты: 16:00–17:00

Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика