Гродно мемлекеттік медицина университетінде резиденттерге арналған клиникалық тағылымдама

Гродно мемлекеттік медицина университетінде резиденттерге арналған клиникалық тағылымдама

Гродно мемлекеттік медицина университетінде резиденттерге арналған клиникалық тағылымдама

ҚҰРМЕТТІ РЕЗИДЕНТТЕР! 

Гродно мемлекеттік медицина университетінде клиникалық тағылымдамадан өту үшін конкурс жарияланады!

 

2025–2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында 2–3 курс резиденттері үшін төмендегі шетелдік университетке конкурс жарияланады:

 

1. Гродно мемлекеттік медициналық университеті, Гродно — 10 орын

Оқу мерзімі: 2 апта(13.06.2026-21.06.2026)

Білім беру бағыттары:

1.    Гастроэнтерология (ересектер және балалар) — 2 орын

2.    Аллергология және иммунология (ересектер және балалар) — 2 орын

3.    Анестезиология-реаниматология (ересектер және балалар) — 2 орын

4.    Инфекциялық аурулар (ересектер және балалар) — 2 орын

5.    Офтальмология (ересектер және балалар) — 2 орын

* Ішінара қаржыландыру (Университет қаражаты есебінен екі жаққа да ұшу, оқу, тұру - тегін, тамақтану - білім алушының қаражаты есебінен)

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

1.    Академиялық қарызының болмауы;

2.    Тәртіптік жазасының болмауы;

3.    GPA — кемінде 2,6 (қайта өтініш бергендер үшін — 3,6);

4.    Халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындардың болуы (артықшылық беріледі).

 

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

1.    CV / түйіндеме

2.    Мотивациялық хат

3.    Ұсыным хат(тар)

(Бірнеше ұсыным хат ұсынуға болады, оның біреуі міндетті түрде кафедра меңгерушісінен болуы тиіс)

4.    3×4 фотосурет (2 дана)

5.    Паспорт (көшірмесі)

6.    Транскрипт (бакалавриат, интернатура және резидентура бойынша дипломға қосымша) (көшірмесі)

7.    Резидентура және клиникалық жұмыс бөлімінің басшысы қол қойған өтініш

* Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

   

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

Өтініштер Халықаралық ынтымақтастық бөліміне қабылданады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 10.03.2026-18.03.2026

Ұйымдастырушы: Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Мекенжай: Бейбітшілік көшесі 49А, Бас корпус 49А, 414-кабинет

Координатор: Сатаева Мерей Қанатқызы

Қосымша ақпарат үшін: +7 (7172) 53 94 42

Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: 14:00–17:00

 

Конкурс өткізу күні: Қосымша хабарланады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика