ФАРМАЦИЯ МЕКТЕБІНІҢ 4-КУРС СТУДЕНТТЕРІНІҢ НАЗАРЫНА!
2026 оқу жылына арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Фармация мектебінің 4-курс студенттері үшін көктемгі семестрде төмендегі шетелдік жоғары оқу орнында екі апталық өндірістік практикадан өтуге конкурс жарияланады:
1.Ташкент фармацевтикалық институты (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы) – 10 орын
Оқу мерзімі: 2026 жылғы 11 мамыр – 25 мамыр (2 апта)
Практика тақырыптары:
- «Фармакогнозия» – 1 апта
- «Дәрілік заттардың өнеркәсіптік технологиясы» – 1 апта
Қаржыландыру:
- көлік шығындары – университет қаражаты есебінен;
- тұру – тегін;
- тамақтану – студенттердің өз қаражаты есебінен.
ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ МЕРЗІМІ: 2026 ЖЫЛҒЫ 20 НАУРЫЗҒА ДЕЙІН.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. академиялық қарызының болмауы;
2. тәртіптік жаза болмауы;
3. GPA – 2,6-дан жоғары (қайта өтініш берушілер үшін – 3,6);
4. халықаралық және республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жүлделі орындардың болуы (құпталады).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. Түйіндеме
2. Мотивациялық хат
3. Қол қойылған ұсыным хат
4. 3×4 көлеміндегі фото (2 дана)
5. Паспорт (көшірмесі)
6. Транскрипт (бакалавриат дипломына қосымша)
7. Фармация мектебі деканының қолы қойылған өтініш
* Конкурсқа тек Қазақстан Республикасы азаматтары ғана қатыса алады.
ӨТІНІШТЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 11.03.2026 – 20.03.2026
Құжаттарды қабылдау және кеңес беру (16:00–17:00):
Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А бас корпус, 405 кабинет
Жауапты: Тулеубаева Алина Жаннатовна
Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.