15 Наурыз- Қайырымдылық күні

15 Наурыз- Қайырымдылық күні

15 Наурыз- Қайырымдылық күні

15 наурызда Қазақстанда қайырымдылық күні-наурызнаманың мерекелік онкүндігінің екінші күні аталып өтіледі.

Бүгін наурызнаманы мерекелеу аясында бүкіл ел бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бағытталған қайырымдылық акциялары, волонтерлік бастамалар мен іс-шаралар өтуде. Бұл күні мұқтаж жандарға көмек көрсетуге, қарттарға, балаларға және аз қамтылған отбасыларға қамқорлық жасауға баса назар аударылады.

Астана медицина университетінің "Enactus" студенттері де қайырымдылық бастамасына қосылды. Олар қарттар үйіне барып, әндер шырқады, ойындар ойнады және аға буын өкілдеріне тәттілер әкелді.

Қайырымдылық тек материалдық көмекпен ғана емес, сонымен бірге адамдарға, жылы сөздер мен шынайы қамқорлықпен де көрінеді. Тіпті кішкентай мейірімділік біреудің өмірін жақсы жаққа өзгерте алады.

Студенттердің бастамасы Наурыздың дәстүрлі құндылықтары қазіргі еріктілер қозғалыстарында қалай көрініс табатынының жарқын үлгісі болды. Мұндай акциялар мейірімділік, аға буынға құрмет пен өзара көмек қазақстандық қоғамның рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып қала береті

нін еске салады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика