Астана медицина университетінде студенттердің БЖЗҚ өкілдерімен кездесуі өтті

Астана медицина университетінде студенттердің БЖЗҚ өкілдерімен кездесуі өтті

Астана медицина университетінде студенттердің БЖЗҚ өкілдерімен кездесуі өтті

Астана медицина университеті базасында студенттердің Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) өкілдерімен кездесуі өтті. Іс-шара Қазақстандағы зейнетақы жүйесінің ерекшеліктерін түсіндіруге және «Ұлттық қор – балаларға» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арналды.

Кездесу барысында қор мамандары студенттерге зейнетақы жүйесінің жұмыс істеу қағидаттары, жеке зейнетақы жинақтарының қалыптасуы, сондай-ақ қор қызметтерін онлайн және офлайн форматта алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Кездесудің спикерлері — көшпелі қызмет көрсету бөлімінің бастығы Акмарал Сансызбаевна Темербекова және осы бөлім бастығының орынбасары Акан Тулепбергенович Курмангалиев болды. Олар студенттерге зейнетақы жинақтарының қалыптасу тетіктерін, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәртібін, сондай-ақ қордың цифрлық сервистерін пайдаланудың артықшылықтарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Кездесу барысында «Ұлттық қор – балаларға» мемлекеттік бағдарламасына ерекше назар аударылды. Қатысушыларға балалардың арнайы шоттарындағы жинақтардың Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры инвестициялық табысы есебінен қалай қалыптасатыны және оларды 18 жасқа толғаннан кейін білім алу немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдалану мүмкіндіктері туралы кеңінен айтылды.

Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, зейнетақы жинақтары мен қаржылық сауаттылық мәселелері бойынша мамандардан жан-жақты түсіндірме алды.

Осындай кездесулерді өткізу жастардың қаржылық сауаттылығын арттыруға және ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлауға жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика