Литва денсаулық ғылымдары университетінде (LSMU) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс

Литва денсаулық ғылымдары университетінде (LSMU) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс

Литва денсаулық ғылымдары университетінде (LSMU) академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға арналған конкурс

2026/2027 оқу жылының көктемгі семестріне арналған академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Жалпы медицина» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері үшін конкурс жарияланады.

Студенттер Литва Республикасының мемлекеттік стипендиялық бағдарламасы шеңберінде Литва денсаулық ғылымдары университетінде (LSMU, Литва) қысқа мерзімді оқу бағдарламасына қатыса алады.

 

Бағдарлама: LSMU-дағы қысқа мерзімді оқу

Қаржыландыру: мемлекеттік стипендия

Орын саны: 35 орын

Оқыту тілі: ағылшын тілі

Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 26 наурыз

 

Талаптар:

– академиялық қарыздың болмауы;

– тәртіптік жазалардың болмауы;

– GPA кемінде 3,2 (қайта қатысушыларға – 3,6);

– жетістіктердің болуы (қалаулы);

– қолданыстағы халықаралық сертификаттардың (IELTS – 6.5) немесе білім беру ұйымы берген В2 сертификатының/шетел тілін білу сертификатының болуымен расталатын В2 деңгейінен төмен емес оқытудың шет тілін білу.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:

1. CV / Резюме

2. Motivation Letter / Мотивациялық хат

3. Recommendation Letter / Ұсыным хат

4. Фото 3×4

5. Паспорт

6. Транскрипт (оқудың барлық кезеңі үшін)

 

*Алыс шетелге арналған бағдарламалар үшін құжаттар ағылшын тілінде ұсынылады.

 

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:

Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

«Астана медицина университеті» КеАҚ

Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус, 414 кабинет

Кеңес беру және құжат қабылдау уақыты: 16:00–17:00

Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.

 

Тек ҚР азаматтары қатыса алады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика