Жұлдыздар жанған сәт: Астана медицина университетінде алғаш рет «Екі жұлдыз» байқауы өтті

Жұлдыздар жанған сәт: Астана медицина университетінде алғаш рет «Екі жұлдыз» байқауы өтті

Жұлдыздар жанған сәт: Астана медицина университетінде алғаш рет «Екі жұлдыз» байқауы өтті

Астана медицина университетінде алғаш рет Наурыз мейрамына - жаңару мен үйлесімнің символына айналған мерекеге көрік берген «Екі жұлдыз» шығармашылық байқауы өтті.

Университет үшін жаңа форматтағы бұл жоба студенттерді, оқытушылар мен қызметкерлерді бір сахнада тоғыстырып, оларды музыка, эмоция және шынайы шығармашылық арқылы мүлде жаңа қырынан танытты.

Іс-шараның ашылуында университет ректоры Анар Тұрмұхамбетова құттықтау сөз сөйлеп, барша қауымды Наурыз мейрамымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік пен табыс тіледі.

Әрбір өнер көрсету өзіндік ерекше атмосферасымен дараланды: ойластырылған образдар, әсерлі костюмдер және рөлге терең бойлау әр нөмірге сахналық тұтастық пен шынайы харизма сыйлады. Тоғыз дуэт - тоғыз түрлі тағдыр, әрқайсысы өз үнімен, өз болмысымен ерекшеленді. Лирика мен жігер, ұлттық нақыш пен әлемдік хиттер, сахналық пластика мен нәзік актерлік шеберлік - мұның бәрі байқауды нағыз театрландырылған қойылымға айналдырды. Мұнда тек ән айтылған жоқ - әрбір нота, әрбір сөз, әрбір қимыл жан-тәнімен сезіліп, өмір сүрілді.

Көрермендер де ерекше ықылас танытты: толассыз қол шапалақ, тасқын эмоция, әр нөмір сайын жылына түскен атмосфера - бәрі осы кештің шынайы рухын айқындады. Сол сәтте медицина мен өнердің бір-біріне қаншалықты жақын екені айқын сезілді. Өйткені медицина тәнді емдесе, өнер жанды тербейді.

Жеңімпаздарды анықтау қазылар алқасы үшін оңай болған жоқ. Қазылар құрамына академиялық және шығармашылық орта өкілдері еніп, олардың кәсіби бағасы байқаудың мәртебесін арттыра түсті. Ұзақ талқылаудан кейін үздіктер анықталды:

I орын - Аина Жанымбетова мен Әлішер Кажтаев («Махаббат»);

II орын - Дінмұхамед Жұмабеков пен Адэлия Георгиади («Gangsta’s Paradise»);

III орын - Назгүл Жантемирова мен Алмас Жамаш («Бәрінен де сен сұлу»).

Сонымен қатар қатысушылар арнайы номинациялар бойынша марапатталды:

«Ең үздік сахналық образ» - Жанна Ешмағамбетова мен Альмира Сабденова («Көктем вальсі»);

«Ең жарқын өнер көрсету» - Асия Теміржанова мен Әбілхайырхан Тұрғұнов («Мен сені сүйемін»);

«Ең үздік орындау шеберлігі» - Динара Құсайын мен Айлұна Дагилова («Unbreak My Heart»);

«Ең үздік жұп» - Шакрух Нажимов пен Жанна Нұрбергенқызы («Бүгін Наурыз»);

«Көрермен көзайымы» - Шолпан Жүкешева мен Гауһар Тыныштықова (патриоттық және заманауи хит);

«Ең креативті өнер» - Айгерім Баймағамбетова мен Нұрайлым Жандарбек (музыкалық попурри).

«Екі жұлдыз» байқауы Астана медицина университетінің тек білім мен ғылым ордасы ғана емес, сонымен қатар шығармашылық дамитын, талант қолдау табатын және үлкен университеттік отбасының бірлігі нығая түсетін ерекше орта екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика