3 сәуір күні Қазақстанның астанасында «Астана медицина университеті» КеАҚ-ның, дәлелді медицина курсымен жалпы дәрігерлік практика кафедрасы, сондай-ақ Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ МКК «№2 қалалық емханасы» ұйымдастыруымен V ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.
Іс-шара алғашқы медициналық-санитарлық көмек мамандарын, ғылыми қауымдастық өкілдерін және медициналық жоғары оқу орындарының оқытушыларын біріктіріп, терапияның өзекті мәселелерін талқылауға және дәлелді медицинаға негізделген заманауи тәсілдерді енгізуге бағытталған.
Конференцияның мақсаты:
— медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру;
— клиникалық ұсынымдарды тәжірибеге енгізу;
— халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту.
Қатысуға шақырылады:
жалпы тәжірибе дәрігерлері, терапевтер, мейіргерлер, бас дәрігерлер, жас ғалымдар, медициналық ЖОО мен колледж оқытушылары, сондай-ақ денсаулық сақтау басқармаларының, қоғамдық ұйымдардың және Қазақстан мен шетелдердің кәсіби қауымдастықтарының өкілдері.
Конференция бағдарламасында:
— пленарлық отырыс (09:00–11:30);
— дәрігерлер мен мейіргерлер үшін тақырыптық семинарлар (12:00–13:00)
Конференция қорытындысы бойынша тіркелген барлық қатысушыларға кредиттік бірліктері бар электрондық сертификаттар беріледі.
Өткізу күні: 2026 жылғы 3 сәуір
Өтетін орны: ШЖҚ МКК Астана қ., «№2 қалалық емханасы», Республика даңғылы, 50, акт залы
Уақыты: 09:00–13:00 (тіркеу — 08:00–08:45, тіркеу орнында QR-код арқылы)
Форматы: офлайн қатысу
Тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері
БАҚ аккредитациясы мәселелері бойынша: +7 771 123 67 77 (Кадесова Нургуль Нуржановна, Астана медицина университеті баспасөз қызметінің жетекшісі).