2026 жылғы 3 сәуірде Астана қаласында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай XVII «Туберкулез: заманауи аспектілер, ғылыми зерттеулер және клиникалық тәжірибе» атты жыл сайынғы ғылыми-практикалық конференция өтеді. Іс-шара Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Иә! Біз туберкулезді жеңе аламыз!» ұранымен ұйымдастырылады.
Конференция ұйымдастырушылары: Астана медицина университеті Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы.
Конференция барысында туберкулездің алдын алу, диагностикасы мен еміне қатысты өзекті мәселелер талқыланып, ғылыми және практикалық тәжірибе алмасу, сондай-ақ фтизиатрия және сабақтас пәндер саласындағы заманауи зерттеулер нәтижелерін таныстыру жоспарланып отыр.
Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
• туберкулезді диагностикалаудың заманауи тәсілдері;
• дәріге төзімді туберкулез түрлері;
• емдеу мен мониторингтің инновациялық әдістері;
• туберкулез және коморбидті жағдайлар;
• туберкулездің эпидемиологиясы және профилактикасы;
• қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері және ДДҰ стратегиялары;
• пәнаралық аспектілер.
Қосымша сұрақтар бойынша Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады:
+7 705 656 6410 (Ыктияров Аяз Абдурахимович, Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасының аға оқытушысы).
БАҚ аккредитациясы мәселелері бойынша:
+7 771 123 67 77 (Кадесова Нургуль Нуржановна, Астана медицина университеті баспасөз қызметінің жетекшісі).
Өткізу күні мен уақыты: 2026 жылғы 3 сәуір, 10:00–14:00
Қатысушыларды тіркеу: 09:00-ден бастап
Өткізу орны: Астана қаласы, Сарыарқа даңғылы, 33, 1-қабат, конференц-зал
Баршаңызды күтеміз! Туберкулез – қоғамдық денсаулыққа төнетін елеулі қауіп, және тек бірлескен күш-жігер арқылы ғана біз оны жеңе аламыз.