2026 жылғы 30 наурызда С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Референдум нәтижелері бойынша» атты жастар форумы өтті. Форум Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылып, елдегі медициналық ЖОО студенттерінің қатысуымен өтті.
Әлеуметтік-тәрбиелік жұмыс жөніндегі департаментінің директоры Зауреш Накыповна Шаймерденованың жетекшілігімен форум жұмысына Астана Медицина Университетінің белсенді студенттері қатысты:
Нафиса Сайдақбарова — студенттік ректор (3 курс, Медицина мектебі);
Мұхтархан Шанжарханов — студенттік омбудсмен (4 курс, Стоматология мектебі);
Мирас Малик — студенттік проректор тәрбие жұмысы бойынша (5 курс, Медицина мектебі);
Нұршат Нұрмұханова — «Студенттер үйі» кеңесінің төраға орынбасары (4 курс, Педиатрия мектебі);
Ақерке Есенгелді — студенттік декан (4 курс, Педиатрия мектебі).
Университет студенттері форум алаңында сөз сөйлеп, денсаулық сақтауды дамытудағы негізгі бағыттар мен жастардың қоғамдық процестердегі рөлін таныстырды.
Іс-шара жастарды өзекті әлеуметтік-саяси және кәсіби мәселелер төңірегінде біріктірген маңызды алаңға айналды. Форум студенттерге Референдум нәтижелерінің мәнін түсіндіру, олардың құқықтық және азаматтық мәдениетін арттыру және қоғамда белсенді ұстаным қалыптастыруға бағытталған.
Форум бағдарламасына мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің сөз сөйлеулері кірді, іс-шара қорытынды есеппен және мәдени бағдарлама бойынша аяқталды.