«Астана медицина университеті» КЕАҚ-та ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бағынысты ұйымдарында ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау (ІСЖТ) жүргізу кестесіне сәйкес, 2026 жылғы 8 сәуірден 20 мамырға дейін НАО «Астана Медицина Университетінің» қызметіне ІСЖТ жүргізіледі.
ІСЖТ Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 488 бұйрығымен бекітілген ішкі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауға арналған әдістемелік ұсынымдарға сәйкес өткізіледі. Әдістемелік ұсынымдарды мына сілтеме арқылы жүктеуге болады: https://www.gov.kz/uploads/2023/2/16/960e3389fe3ea9a7e4653bdd14ad11fe_original.566257.pdf .
ІСЖТ келесі бағыттарды қамтиды:
Талдау объектісінің қызметіне әсер ететін нормативтік-құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
Талдау объектісінің ұйымдастырушылық және басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
ІСЖТ дайындау және өткізу барысында келесі шаралар жүзеге асырылады:
ІСЖТ басталуы туралы хабарландыруды университеттің интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау – 2026 жылғы наурыз;
ІСЖТ өткізу туралы бұйрықты бекіту – 2026 жылғы сәуір;
ІСЖТ басталуы – 2026 жылғы сәуір;
ІСЖТ нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыруды университеттің интернет-ресурсында, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде жариялау – 2026 жылғы мамыр;
ІСЖТ нәтижелерін жария талқылау – 2026 жылғы мамыр;
ІСЖТ нәтижелері бойынша аналитикалық анықтаманы бекіту – 2026 жылғы мамыр;
ІСЖТ нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың себептері мен жағдайларын жоюға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу – 2026 жылғы 17 маусымға дейін;
Университеттің интернет-ресурсында аналитикалық анықтама мен іс-шаралар жоспарын орналастыру – 2026 жылғы маусым.