Болашақ стоматологтар сайысы: микробиологияда кім үздік атанды

Болашақ стоматологтар сайысы: микробиологияда кім үздік атанды

Болашақ стоматологтар сайысы: микробиологияда кім үздік атанды

2026 жылғы 26 наурызда Астана медицина университетінде «Стоматология» мектебінің 2-курс студенттері арасында Ш.И. Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасы ұйымдастырған «Медициналық микробиология құпиялары» атты пәндік олимпиада өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – студенттердің теориялық білімдерін тереңдету, клиникалық ойлау қабілетін дамыту және «микробиология» пәніне деген қызығушылығын арттыру.

Олимпиада үш кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар микроорганизмдердің морфологиясы мен физиологиясы, сондай-ақ инфекциялар мен иммунитет тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап берді. Екінші кезең сәйкестендіру тапсырмаларын қамтыды. Үшінші кезең аясында командаларға клиникалық жағдайлық есептер ұсынылып, оларды ауызша түрде қорғады. Қатысушылардың барлық жауаптары қазылар алқасы тарапынан мұқият бағаланды.

Олимпиада барысында командалар өз ұрандары мен эмблемаларын таныстырып, шығармашылық көзқарасы мен жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қатысушылар жалпы және жеке микробиология саласындағы білімдерін жан-жақты көрсетуге тырысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақ топтары арасында:
I орынды «МикроСфера» командасы,
II орынды «MicroLab»,
III орынды «Genome X» және «BioTeam» командалары иеленді.

Орыс топтары арасында:
I орынды «Пожизненный иммунитет» командасы,
II орынды «Чашечка Петри»,
III орынды «Первая команда» иеленді.

Өткізілген олимпиада студенттердің білім деңгейін арттыруға, кәсіби дағдыларын дамытуға және ғылыми қызметке деген қызығушылығын нығайтуға ықпал етті.

Іс-шараны ұйымдастырған кафедра оқытушыларына, сондай-ақ белсенді қатысқан студенттерге шынайы алғысымызды білдіреміз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика