Астана медицина университетінің сынақ зертханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

Астана медицина университетінің сынақ зертханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

Астана медицина университетінің сынақ зертханасы халықаралық стандарттарға сәйкестігін растады

2026 жылғы 7–8 сәуір аралығында «Астана медицина университеті» КеАҚ Радиобиология және радиациялық қорғау ғылыми-зерттеу институтының радиохимия және радиоспектрометрия сынақ зертханасы бірінші жоспарлы аккредитациялық бағалаудан өтті.

Бағалау Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Ұлттық аккредиттеу орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сараптамалық топ құрамына аккредиттеу және зертханалық тәжірибе саласындағы жетекші мамандар кірді, атап айтқанда топ жетекшісі, РМК «ҰАО» сынақ зертханаларын аккредиттеу басқармасының бағалаушысы, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор Эльвира Раимбекова, сондай-ақ техникалық сарапшылар – «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалының (Астана қ.) радиологиялық зертханасының меңгерушісі Максат Мусагалиев және «KazExpert Group» ЖШС сапа жөніндегі менеджері Арман Казиев.

Бағалау барысында зертхананың қызметі ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 «Сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» халықаралық стандарты талаптарына сәйкестігі бойынша кешенді тексеруден өтті. Сарапшылар ішкі құжаттаманы жан-жақты зерделеп, қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін, зертхананың техникалық жабдықталуын, сондай-ақ жүргізілетін зерттеулер сапасын қамтамасыз ету үдерістерінің тиімділігін бағалады.

Бағалау қорытындысы бойынша сынақ зертханасының белгіленген талаптарға толық сәйкестігі расталды. Сараптамалық топ мамандардың жоғары біліктілік деңгейін, заманауи материалдық-техникалық базаны және алынатын нәтижелердің сенімділігін атап өтті.

Бірінші жоспарлы бағалаудан сәтті өту Астана медицина университетінің ғылыми-зерттеу қызметінің жоғары сапасын және зертханалық диагностика мен радиациялық қауіпсіздік саласындағы халықаралық стандарттарды сақтауға ұмтылысын айқындайтын маңызды көрсеткіш.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика