Астана медицина университетінің түлегі «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанып, Harvard University университетінде оқу грантын жеңіп алды

Астана медицина университетінің түлегі «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанып, Harvard University университетінде оқу грантын жеңіп алды

Астана медицина университетінің түлегі «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты атанып, Harvard University университетінде оқу грантын жеңіп алды

Астана медицина университетінің түлегі, аллерголог-иммунолог дәрігер Әйгерім Бахытжан «Болашақ» халықаралық бағдарламасының стипендиаты атанып, «Иммунология» бағыты бойынша магистратурада оқу грантына ие болды.

Ол АҚШ-тың жетекші университеттерінен шақырту алды. Олардың қатарында Harvard University, Johns Hopkins University, University of Rochester және University of Southern California бар. Нәтижесінде таңдау Harvard University университетіне түсті.

Әйгерім Бахытжан 2015 жылы Астана медицина университетіне «Жалпы медицина» мамандығы бойынша оқуға түсті. Оқуын аяқтағаннан кейін «Жалпы дәрігерлік практика» бағыты бойынша интернатурадан өтті, кейін «Аллергология және иммунология» (ересектер, балалар) мамандығы бойынша резидентураны тәмамдады.

Тағы да маңызды ақпарат, ол Ш.И.Сарбасова атындағы микробиология және вирусология кафедрасында жұмыс істеп, үш тілде сабақ берді және оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге қатысты. Иммунология және микробиология саласында 10-нан астам ғылыми жарияланымдар мен әдістемелік ұсынымдардың авторы.

Клиникалық тәжірибеде бронхиалдық астма, есекжем және атопиялық дерматитті диагностикалау және емдеумен айналысады. Қазіргі заманғы әдістерді, соның ішінде гендік-инженерлік биологиялық препараттар мен аллерген-спецификалық иммунотерапияны қолданады.

Резидентура кезеңінде университеттің қолдауымен ол Pirogov Russian National Research Medical University базасында «Клиникалық аллергология және иммунология» мамандығы бойынша ғылыми-клиникалық тағылымдамадан өтті.

Сонымен қатар университетте оқу барысында қоғамдық қызметке белсенді қатысып, Bonum Charity Club қайырымдылық ұйымының негізін қалаушы әрі жетекшісі болды.

Астана медицина университеті оның жетістігін жоғары бағалап, бұл жолды мамандарды даярлаудың жоғары деңгейінің және түлектердің халықаралық академиялық аренадағы бәсекеге қабілеттілігінің дәлелі ретінде атап өтеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика