Академик Е.Д.Даленов атындағы Профилактикалық медицина ғылыми-зерттеу институтының ғылыми үйірме студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, «Дұрыс тамақтану – салауатты ұлттың негізі» атты халықаралық пәндік олимпиадада Астана медицина университетінің намысын абыроймен қорғады. Нәтижесінде олар II орындарды иеленіп, арнайы номинациялармен марапатталды.
Ауқымды зияткерлік дода 2026 жылғы 13 наурыз бен 15 сәуір аралығында С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің базасында өтті. Олимпиадаға Қазақстанның, ТМД елдерінің және алыс шетелдердің медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, тәжірибе алмасу, ғылыми идеяларды талқылау және кәсіби пікірталас алаңына айналды.
Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: онлайн-тестілеу, бейнебайқау және онлайн әрі офлайн форматта өткен ғылыми жобаларды қорғау. Қатысушылар ұтымды тамақтану, профилактикалық медицина және салауатты өмір салтын қалыптастырудың заманауи тәсілдері саласындағы терең білімдерін көрсетті.
Студенттердің жоғары нәтижелері жүйелі ғылыми-зерттеу жұмысының, талдамалық қабілеттерді дамытуының, зерттеушілік құзыреттерді жетілдіруінің және нутрициология саласында кәсіби өсуге деген ұмтылысының айқын көрінісі болды.
Жеңімпаздар мен олардың ғылыми жетекшілерін лайықты жетістіктерімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа белестерді бағындырып, жарқын жобалар мен халықаралық деңгейдегі жеңістерге жете берулеріне тілектеспіз.