25 сәуір күні жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Астана медицина университетінің ұжымы алғашқы жалпықалалық сенбілікке қатысты. Бастамаға студенттер, профессор-оқытушылар құрамы және университет басшылығы қосылып, қаланы таза әрі жайлы ету жолында күш біріктірді.
Қатысушылар А.Жангелдин көшесі бойындағы аумақтарды, сондай-ақ Бейбітшілік, Сарыарқа, Абай және Жеңіс көшелерінде орналасқан оқу корпустары маңын тазалау жұмыстарын жүргізді. Бірлескен еңбек елорданы абаттандыруға елеулі үлес қосып, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған маңызды бастаманы қолдауға мүмкіндік берді.
Іс-шараның ерекше атмосферасын сыйлаған шуақты күн қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен сергектік сыйлады.
Мұндай акциялар бірлік пен азаматтық жауапкершіліктің, қоршаған ортаға жанашырлықтың жарқын үлгісі болып табылады. Олар экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелейді және тазалық әрқайсымыздан басталатынын еске салады.
Біз бірге келер ұрпақ үшін жарқын болашақ қалыптастырамыз.