ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР! (ЖМ 4 курс, ҚДС және М 1 курс магистранттары)!
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында келесі шетелдік университеттерде оқу үшін конкурс жарияланады:
1. Université Évry Paris‑Saclay, Франция – 4 орын
Халықаралық жазғы мектеп
Білім беру бағдарламасы: ҚДС және М 1 курс магистратурасы, Медицина.
Оқу кезеңі – 2026 жылғы 3–10 маусым
Тілі – ағылшын
Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;
тұру және бағдарлама – 1200 еуро, білім алушының өз қаражаты есебінен.
2. Guangzhou University, Қытай – 2 орын
Білім беру бағдарламасы «Жалпы медицина» – 4 курс
Тілі – ағылшын
Оқу кезеңі – 2026 жылғы тамыз (қыркүйек)
Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;
тұру және тамақтану – білім алушылардың өз қаражаты есебінен.
3. Atatürk University, Түркия – 3 орын
Білім беру бағдарламасы «Жалпы медицина» – 4 курс
Клиникалық тағылымдама
Бағыттар:
Pediatrics (Балалар денсаулығы және аурулары)
General Surgery (Жалпы хирургия)
Obstetrics and Gynecology (Акушерия және гинекология)
Internal Medicine (Ішкі аурулар)
Emergency Medicine (Шұғыл медицина)
Оқу кезеңі – 2026 жылғы маусым (2 апта)
Тілі – түрік тілі (кемінде B1 деңгейі)
Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен;
тұру және тамақтану – білім алушылардың өз қаражаты есебінен.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 06.05.2026 дейін
Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. академиялық қарыздың болмауы;
2. тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA – 3,2‑ден жоғары (қайта тапсырушылар үшін – 3,6);
4. халықаралық және республикалық олимпиадаларда/конференцияларда жетістіктерінің болуы (құпталады);
5. оқу тілін B2 деңгейінен төмен емес меңгеру (IELTS 6.5 немесе B2 сертификаты).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар:
1. CV / Резюме
2. Motivation Letter / Мотивациялық хат
3. Recommendation Letter / Ұсыным хат
4. Фото 3×4
5. Паспорт
6. Транскрипт (оқудың барлық кезеңі үшін)
*Алыс шетелге арналған бағдарламалар үшін құжаттар ағылшын тілінде ұсынылады.
ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус, 414 кабинет
Кеңес беру және құжат қабылдау уақыты: 16:00–17:00
Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.