Құрметті әріптестер!
Адами ресурстарды дамыту департаменті (АРДД) университетіміздің қызметкерлері арасында «Мамандығы бойынша үздік» байқауының келесі номинациялар бойынша өткізілетінін хабарлайды:
1) «АстМУ үздік дәрігері» (хирургиялық, терапевтік, педиатриялық мамандықтар);
2) «АстМУ үздік оқытушысы»;
3) «АстМУ үздік ғалымы»;
4) «АстМУ үздік жас зерттеушісі».
Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 4 мамырдан – 19 мамырға дейін (10 жұмыс күні) Адами ресурстарды дамыту департаменті жүзеге асырады. 19 мамырдан кейін жіберілген құжаттар қарауға қабылданбайды.
Конкурсқа қатысуға Университеттің штаттық қызметкерлері болып табылатын қызметкерлер жіберіледі (кемінде 1,0 ставка). Осыған ұқсас конкурстарда соңғы 5 жылда жүлделі орындарды иеленген тұлғалар қатыса алмайды. Байқау шарттары қосымшада («Мамандығы бойынша үздік» байқауы туралы ереже).
Конкурстық құжаттама түпнұсқада қағаз жүзінде жеткізгіште мына мекенжай бойынша ұсынылады: Абай даңғылы, 47, 622 кабинет, менеджер Мадина Агибаева (тел. 577-891).
Құрметпен, Адами ресурстарды дамыту департаменті