Астана медицина университетінде Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Birlik Fest» атты жарқын мерекелік іс-шара өтті. Фестиваль әртүрлі елдер мен ұлт өкілдерін - студенттерді, оқытушылар мен университет қызметкерлерін біріктіріп, достықтың, мәдени алуандықтың және өзара құрметтің шынайы мерекесіне айналды.
Қазақстан - түрлі этностар мен мәдениеттер бейбітшілік пен келісімде өмір сүретін көпұлтты мемлекет. Осындай бірлік пен өзара түсіністік атмосферасы Астана медицина университетінің студенттік ортасында да айқын көрініс табады. Мұнда әрбір адам өзін үлкен әрі тату отбасының мүшесі ретінде сезінеді.
Мерекелік фестиваль университет мектептері арасындағы командалық сайыс форматында өтті. Сегіз команда құрамына студенттермен қатар әкімшілік-басқару персоналы, деканаттар мен кафедра қызметкерлері, сондай-ақ профессор-оқытушылар құрамы енді. Бұл іс-шараның ауқымын кеңейтіп, ерекше ұйымшылдық атмосферасын қалыптастырды.
Байқау бағдарламасы үш кезеңнен тұрды: ұлттық тағамдар көрмесі, ұлттық билер сайысы және дефиле. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шығармашылық көзқарасты және мәдени дәстүрлерге деген терең құрметін көрсетті. Сахна ұлттық нақышқа, әуен мен мерекелік көңіл-күйге толы болды.
Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
I орын - түрік ұлтының өкілдері (Резидентура бөлімі)
II орын - ингуш ұлтының өкілдері (Стоматология мектебі)
III орын - өзбек ұлтының өкілдері (Педиатрия мектебі)
Дегенмен фестивальдің басты жетістігі - сайыс нәтижелері емес, бүкіл іс-шара барысында қалыптасқан достық пен бірлік атмосферасы болды. «Birlik Fest» тағы да мәдениеттерге құрмет, ашықтық пен өзара түсіністік университет өмірінің ажырамас бөлігі әрі берік қоғамның негізі екенін дәлелдеді.
Астана медицина университеті баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды және мерекенің жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан әрбір қатысушыға алғыс білдіреді.