«ФАРМАЦИЯ» білім беру бағдарламасының құрметті білім алушылары

«ФАРМАЦИЯ» білім беру бағдарламасының құрметті білім алушылары

«ФАРМАЦИЯ» білім беру бағдарламасының құрметті білім алушылары

Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламалары аясында Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласындағы И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Сеченов университеті) базасында өткізілетін “Summer School Innovative Drugs” халықаралық жазғы мектебіне қатысуға конкурс жарияланады.

Бағдарлама атауы: Summer School Innovative Drugs
Орын саны: 10 білім алушы
Оқу кезеңі: 2026 жылғы 01–13 маусым
Оқыту тілі: ағылшын
Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КЕАҚ есебінен; тұру және бағдарлама құны – білім алушының жеке қаражаты есебінен 300 АҚШ доллары.

Конкурсқа «Фармация» білім беру бағдарламасының барлық курстарының білім алушылары (бакалавриат, магистратура және т.б.) қатыса алады.

 

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:

  1. академиялық берешектің болмауы;
  2. тәртіптік жазалардың болмауы;
  3. GPA – 3,2-ден төмен емес (қайта тапсырушылар үшін – 3,6);
  4. халықаралық және республикалық олимпиадаларға/конференцияларға қатысу жетістіктерінің болуы (артықшылық ретінде);
  5. ағылшын тілін B2 деңгейінен төмен емес меңгеру (IELTS 6.5 немесе B2 / upper-intermediate деңгейіндегі тіл курстары сертификаты).

 

КОНКУРСҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

  1. CV / түйіндеме
  2. Motivation Letter / мотивациялық хат
  3. Recommendation Letter / ұсыныс хат (қолтаңбасымен)
  4. 3×4 фото
  5. паспорт
  6. транскрипт (бүкіл оқу кезеңі бойынша)
  7. халықаралық немесе республикалық олимпиадаларға/конференцияларға қатысу бойынша жүлделі орындар (бар болса)
  8. ағылшын тілін меңгеру сертификаты (IELTS upper-intermediate / B2 деңгейінен төмен емес немесе тіл курстары сертификаты)

Барлық құжаттар ағылшын тілінде ұсынылады.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2026 жылғы 14.05 дейін.

ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
«Астана медицина университеті» КЕАҚ
Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус, 405-кабинет
Кеңес беру және құжат қабылдау уақыты: 16:00–17:00
Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.

Бағдарлама және қатысу шарттары туралы толық ақпаратты төменде тіркелген брошюрадан танысуға болады.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика