«Астана медицина университеті» КеАҚ Аккредиттеу және рейтинг тәуелсіз агенттігінде (АРТА, IAAR) халықаралық мамандандырылған аккредиттеуден сәтті өтті. IAAR Аккредиттеу кеңесінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі отырысының қорытындысы бойынша Университеттің барлық 47 білім беру бағдарламасы 5 жыл мерзімге аккредиттелді.
Халықаралық мамандандырылған аккредиттеу рәсімі аясында құрамына халықаралық сарапшылар енген Сыртқы сараптау комиссиясы Университеттің бакалавриат, резидентура және магистратура деңгейлеріндегі 47 білім беру бағдарламасының WFME, AMSE және ESG халықаралық медициналық білім сапасы стандарттарына сәйкестігін бағалады.
Ерекше жетістік ретінде IAAR халықаралық мамандандырылған аккредиттеуінен алғаш рет техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламалары өтті:
1. 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы, 4S09130103 «Жалпы практика мейіргері» біліктілігі;
2. 09130100 «Мейіргер ісі» мамандығы, 5АВ09130001 «Қолданбалы мейіргер ісі бакалавры» біліктілігі;
3. 09130200 «Акушерлік іс» мамандығы, 4S09130201 «Акушер» біліктілігі;
4. 09160100 «Фармация» мамандығы, 4S09160101 «Фармацевт» біліктілігі;
5. 09880100 «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығы, 4S09880101 «Гигиенист-эпидемиолог» біліктілігі.
5 жыл мерзімге халықаралық аккредиттеуден өту АсМУ білім беру бағдарламаларының жоғары сапасын, ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесінің тиімділігін және мамандар даярлаудың заманауи халықаралық талаптарға сәйкестігін растайды.
Университет басшылығы халықаралық аккредиттеу рәсімін дайындау мен өткізуге қатысқан профессорлық-оқытушылық құрамға, құрылымдық бөлім қызметкерлеріне, білім алушыларға, түлектерге, жұмыс берушілерге және барлық серіктестерге алғыс білдіреді.
Бұл нәтиже Астана медицина университетінің халықаралық білім беру кеңістігіндегі ұстанымын нығайтудағы маңызды қадам және Университеттің академиялық сапа мен үздіксіз даму қағидаттарына бейілділігінің дәлелі болып табылады.
Аккредиттеу туралы куәліктерді келесі сілтеме арқылы көруге болады: https://amu.edu.kz/ru/about-university/Accreditation/Specialized-accreditation/.