АстМУ студенттері - Ташкенттегі халықаралық конференцияның жүлдегерлері

АстМУ студенттері - Ташкенттегі халықаралық конференцияның жүлдегерлері

АстМУ студенттері - Ташкенттегі халықаралық конференцияның жүлдегерлері

Астана медицина университетінің студенттері Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен «Жас ғалымдардың педиатрияның өзекті мәселелеріне заманауи көзқарасы» атты Халықаралық студенттік ғылыми-тәжірибелік педиатрия конференциясында университеттің намысын қорғады.

Халықаралық конференция Қазақстан, Өзбекстан және Ресей медициналық жоғары оқу орындарының білім алушыларын біріктірді. Қатысушылар балалық шақтағы аурулардың диагностикасы, емі және алдын алуының заманауи тәсілдеріне арналған ғылыми және клиникалық зерттеулерін ұсынды. Іс-шара академиялық алмасу, кәсіби өзара әрекеттестік және жас мамандардың зерттеушілік құзыреттіліктерін дамыту үшін маңызды алаңға айналды.

Конференция қорытындысы бойынша АМУ студенттері бірнеше жүлделі орынға ие болды.

III дәрежелі дипломмен №3 балалар аурулары кафедрасының қауымдастырылған профессоры Асылжан Месованың ғылыми жетекшілігімен «Балалардағы тұмауға байланысты жедел некроздаушы энцефалопатия» тақырыбындағы баяндама жасаған Дармен Әуелбек пен Сәуле Алтыбаева марапатталды.

Тағы бір III орынды «New-onset adrenal insufficiency in COVID-19 patients without preexisting adrenal disease» атты жүйелі шолуымен сөз сөйлеген Фатима Иман иеленді. Ол да қауымдастырылған профессор Асылжан Месованың жетекшілігімен дайындалған.

II орынды университеттің педиатрия саласындағы ғылыми қызығушылықтарының кең ауқымын көрсететін «Antegrade Continence Enema for Pediatric Neurogenic Bowel Dysfunction: An Umbrella Review of Systematic Reviews and Meta-Analyses» зерттеу жұмысын ұсынған Әли Муниб иеленді.

«Студенттердің халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысуы зерттеушілік әлеуетті дамытуға, академиялық байланыстарды нығайтуға және медициналық білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді. Қол жеткізілген нәтижелер білім алушылардың дайындық деңгейінің жоғары екенін және университеттің халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін растайды», - деп атап өтті №3 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, профессор Сагира Абдрахманова.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика