Профессор Yasutaka Omori-дің «Астана медицина университеті» КеАҚ сапары: радондық қауіпсіздік саласындағы бірлескен зерттеулер және жас ғалымдарды қолдау

Профессор Yasutaka Omori-дің «Астана медицина университеті» КеАҚ сапары: радондық қауіпсіздік саласындағы бірлескен зерттеулер және жас ғалымдарды қолдау

Профессор Yasutaka Omori-дің «Астана медицина университеті» КеАҚ сапары: радондық қауіпсіздік саласындағы бірлескен зерттеулер және жас ғалымдарды қолдау

2026 жылғы 11 мамырда «Астана медицина университеті» КеАҚ және Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ Жапониядағы Хиросаки университетінің Төтенше жағдайлар кезіндегі радиациялық медицина институтының профессоры Yasutaka Omori ресми сапармен келді. Сапар екіжақты халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында ұйымдастырылды.

Қолданыстағы ғылыми әріптестік туралы меморандум шеңберінде жүзеге асырылып жатқан бірлескен ғылыми жоба Солтүстік Қазақстанның уран өндіретін өңірлеріндегі халықтың радондық қауіпсіздігін бағалауға бағытталған.

Профессор Yasutaka Omori-дің сапарының негізгі мақсаты Ақмола облысының Ақсу және Заводской елді мекендерінде орнатылған CR-39 радон детекторларын ауыстыру, сондай-ақ радиациялық зерттеулерді жалғастыру болды. Сапар барысында детекторларды алмастыру жөніндегі жұмыс жоспары келісіліп, толық көлемде жүзеге асырылды. Бірлескен ғылыми жұмыстар нәтижесінде 2026 жылғы 11–15 мамыр аралығында зерттелетін елді мекендерде 57 CR-39 детекторы ауыстырылды. Сонымен қатар Саумалкөл елді мекенінде эпидемиологиялық зерттеулерді жалғастыру мақсатында жапон мамандарының келесі ғылыми іссапарының мерзімдері келісілді.

Жапон ғалымы, профессор Yasutaka Omori, Радиобиология және радиациялық қорғау ҒЗИ директоры М.М. Бахтин және институттың бас ғылыми қызметкері Д.С. Ибраеваның қатысуымен SATREPS (Жапония) ғылыми-техникалық бағдарламасына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдармен одан арғы ынтымақтастықты дамыту, жапон сарапшыларының ұсынымдары мен ескертулерін жетілдіру және пысықтау мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар Халықаралық ғылыми-техникалық орталық жобасының ғылыми бағыттары, күтілетін нәтижелері және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес тараптардың функционалдық міндеттерін айқындау мәселелері талқыланды.

Кездесу аясында «Астана медицина университеті» КеАҚ 8D05101 – «Биология» білім беру бағдарламасының докторанттарын Environmental Radioactivity Network Center (ERAN, Жапония) FY2026 ERAN Collaborative Researcher Grant халықаралық грантын иеленулерімен құттықтау рәсімі өтті.

Гранттық қолдауға ие болғандар:

• Лесбек Әнел Болатқызы – 3 курс докторанты;

• Мусаева Эльвира Махамбетқызы – 1 курс докторанты;

• Кайруллова Мадина Аргыновна – 1 курс докторанты.

Кездесу барысында профессор Yasutaka Omori жас зерттеушілерді халықаралық грантқа ие болуларымен құттықтап, радиациялық қауіпсіздік, радиоэкология және халық денсаулығын сақтау салаларында Қазақстан мен Жапония арасындағы бірлескен ғылыми зерттеулерді дамытудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика