ҚҰРМЕТТІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР («МЕДИЦИНА», «ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ» ЖӘНЕ «ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА СТУДЕНТТЕРІ)!
Халықаралық академиялық ұтқырлық аясында Қытай Халық Республикасының Шэньян қаласындағы China Medical University (CMU) ұйымдастыратын «AI Empowering Healthcare» халықаралық жазғы мектебіне қатысуға конкурс жарияланады.
Өткізу мерзімі: 2026 жылғы 28 маусым – 11 шілде (14 күн)
Орын саны: 7
Қатыса алады: келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриаттың 2, 3 және 4 курс студенттері және магистратураның барлық оқу жылдарының білім алушылары:
• «Медицина»
• «Қоғамдық денсаулық сақтау»
• «Денсаулық сақтаудағы менеджмент»
Бағдарлама туралы
Халықаралық жазғы мектеп денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні қолдануға арналған.
Бағдарламаға мыналар кіреді:
• Медициналық зерттеулер мен клиникалық тәжірибедегі жасанды интеллект
• Smart Health және қоғамдық денсаулық сақтау
• Дәстүрлі қытай медицинасы және жасанды интеллект
• Инновациялар мен пәнаралық жобалар
• Мәдени бағдарлама, экскурсиялар және практикалық сабақтар
Оқыту тілі: ағылшын тілі
Қаржыландыру:
• Оқу, тұру, тамақтану, іс-шаралар, сақтандыру және жергілікті көлік шығындары – қабылдаушы тарап есебінен тегін;
• Халықаралық әуе билеті – МУА қаражаты есебінен.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 25 мамырға дейін
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. Академиялық қарыздың болмауы;
2. Тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA көрсеткіші — кемінде 3,2 (қайта өтініш берушілер үшін — кемінде 3,6);
4. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі B2-ден төмен емес (IELTS 6.5 немесе тілдік курстар сертификаты);
5. Жетістіктердің болуы (олимпиадалар, конференциялар және т.б. жүлделі орындар) — құпталады.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚАЖЕТ ҚҰЖАТТАР:
1. CV / Түйіндеме
2. Motivation Letter / Мотивациялық хат (300–500 сөз)
3. Recommendation Letter / Ұсыным хат
4. 3×4 фото
5. Паспорттың скан-көшірмесі
6. Транскрипт (оқудың барлық кезеңі үшін)
7. IELTS / B2 сертификаты немесе ағылшын тілін меңгеру деңгейін растайтын басқа сертификат
8. Олимпиадалар мен конференциялардағы жүлделі орындар туралы сертификаттар / дипломдар (бар болған жағдайда)
Барлық құжаттар ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс.
ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус, 405-кабинет
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: 16:00–17:00
Конкурстың өткізілу күні қосымша хабарланады.