Астанада ана мен баланы қорғаудағы заманауи трендтер талқыланды

Астанада ана мен баланы қорғаудағы заманауи трендтер талқыланды

Астанада ана мен баланы қорғаудағы заманауи трендтер талқыланды

Астана медицина университетінің базасында №2 акушерлік және гинекология кафедрасының ұйымдастыруымен түркітілдес елдердің «Ана мен баланы қорғаудағы заманауи трендтер-2026» атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Ауқымды ғылыми іс-шара Қазақстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстаннан акушерлік, гинекология, репродуктивті медицина және ана мен бала денсаулығын қорғау саласындағы жетекші сарапшыларды біріктірді. Конференция жұмысына ғылыми-педагогикалық қызметкерлер, практик дәрігерлер, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар, резиденттер және медициналық жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып университеттің №2 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Серік Ысқақов - м.ғ. к. (PhD), профессор сөз сөйледі. Конференцияның тең төрағалары №2 акушерлік және гинекология кафедрасының доценті Лазат Смайылова және №2 акушерлік және гинекология кафедрасының профессоры Сайра Искалиева (PhD) болды.

Қатысушыларға АстМУ ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Зарина Шульгау, №2 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Серік Ысқақов, сондай-ақ №1 акушерлік және гинекология кафедрасының меңгерушісі Зайтуна Хамидуллина құттықтау сөз сөйледі.

Конференцияның басты шақырылған спикері - Тәжікстан ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым мен техниканың еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, Абуали Ибни Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінің профессоры Мунаввара Додхоева болды.

Екі күн бойы қатысушылар заманауи медицинаның өзекті мәселелерінің кең ауқымын талқылады: акушерлік-гинекологиялық көмекті жетілдіру, операциялық акушерліктің заманауи стандарттары, эндоскопиялық және лапароскопиялық хирургиядағы инновациялар, онкогинекология және онкомаммология мәселелері, репродуктивті денсаулық, эндокриндік және эстетикалық гинекология мәселелері, сондай-ақ балалар-жасөспірімдер гинекологиясындағы заманауи тәсілдер.

Ана мен перинаталдық өлім-жітімді төмендету, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін енгізу, сондай-ақ медицина ғылымы мен білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Конференция кәсіби тәжірибе алмасу, ғылыми байланыстарды нығайту және заманауи медициналық технологияларды практикалық денсаулық сақтауға біріктіру үшін маңызды платформаға айналды. Қатысушылар іс-шараны ұйымдастырудың жоғары деңгейін және түркітілдес елдердің медициналық қауымдастықтары арасындағы бірыңғай ғылыми-білім беру кеңістігін одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика