Астана Медицина университетінің студенттері II Халықаралық фармация пәндік олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Астана Медицина университетінің студенттері II Халықаралық фармация пәндік олимпиадасының жүлдегерлері атанды

Астана Медицина университетінің студенттері II Халықаралық фармация пәндік олимпиадасының жүлдегерлері атанды

С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде «Фармация» білім беру бағдарламасы бойынша фармацевтикалық химия және фармакогнозия пәнінен II Халықаралық пәндік олимпиада өтті. Іс-шара халықаралық «ANAMED» форумы аясында және С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ Фармация мектебінің 75 жылдығына арналды.

Іс-шара болашақ фармацевтердің дайындық сапасын арттыру, кәсіби құзыреттіліктерді дамыту, жетекші медициналық жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушылары арасында тәжірибе алмасу, сондай-ақ фармацевтикалық білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды.

Олимпиадаға 3 елден 8 университеттің студенттік командалары қатысты. Қатысушылар Қазақстан жоғары оқу орындарының, сондай-ақ жақын шетелдегі серіктес университеттердің өкілдері болды.

«Фармация» білім беру бағдарламасының 5 курс студенттері жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды:

- I орын - «Полифармастан» командасы

Команда фармацевтикалық химия блогында және көп компонентті дәрілік формаларды талдау бойынша кешенді кейстерді шешуде үздік нәтиже көрсетті.

- III орын - «Фитофарм» командасы.

Фармакогнозия саласындағы мықты дайындық командаға дәрілік өсімдік шикізатын сәйкестендіру және стандарттау бойынша практикалық турды сенімді өтуге мүмкіндік берді.

Жеңімпаздарды, жүлдегерлерді және олардың жетекшілерін құттықтаймыз!

Әрі қарай ғылыми және кәсіби табыстар, жаңа жеңістер және фармация саласындағы ауқымды жобаларды жүзеге асыруды тілейміз!

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика