Бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы

Бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы

Бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы

«Астана медицина университеті» КеАҚ ақылы негізде білім алып жатқан білім алушылар үшін бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғанын хабарлайды.

Құжаттарды қабылдау 2026 жылғы 15 маусым мен 15 шілде аралығында жүргізіледі.

Конкурс білім алушыларға ақылы оқу нысанынан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқуға ауысу мүмкіндігін береді.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет:

  • бос мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу туралы өтініш (бекітілген үлгі бойынша);
  • мектеп деканының визасы;
  • Академиялық жұмыс департаменті директорының визасы;
  • жеке куәліктің көшірмесі.

Жергілікті атқарушы органдардың және (немесе) өзге де ұйымдардың қаражаты есебінен ақылы негізде білім алып жатқан білім алушылар да конкурсқа қатысуға құқылы. Бұл жағдайда оқу ақысын төлейтін ұйымның (тараптың) бос мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға рұқсат беретін келісім хатын ұсыну міндетті болып табылады.

Құжаттар Астана қаласы, Абай көшесі, 47 мекенжайында орналасқан Білім алушылар мен жұмыскерлерге қызмет көрсету орталығының 415-кабинетінде қабылданады.

Құжаттарды қабылдау кестесі:

  • дүйсенбі – жұма: 08:30-дан 17:30-ға дейін;
  • түскі үзіліс: 12:30-дан 13:30-ға дейін;
  • сенбі, жексенбі – демалыс күндері.

Босап шыққан мемлекеттік білім беру гранттарының саны туралы ақпарат университеттің ресми сайтында қосымша жарияланатын болады.

Анықтама үшін байланыс нөмірлері:

Білім алушылар мен жұмыскерлерге қызмет көрсету орталығы

Тел.: +7 (7172) 53-94-47, +7 (700) 153-94-47

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика