Астана медицина университетінің ұжымы медицина ғылымдарының докторы, профессор Рафаил Иосифұлы Розенсонның туған-туыстары мен жақындарына шынайы әрі терең көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі мен игі істері жүрегімізде мәңгі сақталады.
Рафаил Иосифұлы Розенсон – көрнекті дәрігер, ғалым және педагог, отандық клиникалық иммунология мен аллергология ғылымының негізін қалаушылардың бірі.
Мыңдаған балалар оның терең білімі, кәсіби шеберлігі және әрбір науқасқа жеке көзқарас таба білуінің арқасында сауығып, өмірге деген сенімге ие болды. Қазақстандағы көптеген отбасылар үшін Рафаил Иосифұлының есімі сенімнің, адамгершіліктің және мамандыққа адал қызмет етудің символына айналды.
Рафаил Иосифұлы Астана медицина университетінің Балалар аурулары №1 кафедрасының негізін қалаушы және алғашқы меңгерушісі болды. Кейін педиатрия факультетін басқарды, сондай-ақ ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор қызметін атқарды.
Оның жетекшілігімен 17 ғылым докторы, 50-ге жуық ғылым кандидаты мен магистр даярланды. Ғылыми қызметінде Рафаил Иосифұлы радиацияның адамның иммундық жүйесіне әсерін зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Ол Жапонияның Хиросима қаласындағы Радиациялық медицина институтында шақырылған профессор ретінде қызмет атқарды.
Рафаил Иосифұлы әрдайым жоғары кәсіби мәдениеттің, зиялылықтың, адалдықтың және таңдаған ісіне деген шексіз берілгендіктің үлгісі болды.
Рафаил Иосифұлы Розенсонның дүниеден өтуі Қазақстанның бүкіл медициналық қауымдастығы үшін орны толмас қаза болды.
Профессор Рафаил Иосифұлы Розенсонмен қоштасу рәсімі 16 маусым күні сағат 11:00-де Астана медицина университетінің бас оқу ғимаратында (Бейбітшілік көшесі, 49а) өтеді.