ҚҰРМЕТТІ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ 4 КУРС БІЛІМ АЛУШЫЛАРЫ!
Халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында келесі шетелдік бағдарламаға қатысу үшін конкурс жарияланады:
University of Udine, Италия – 2 орын
Faculty of Medicine
Оқу мерзімі – 2026-2027 оқу жылының бірінші семестрі Қаржыландыру: әуе билеті – «Астана медицина университеті» КеАҚ есебінен; тұру, тамақтану және виза шығындары – білім алушылардың жеке қаражаты есебінен.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 22.06.2026 дейін
Конкурсқа тек Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ТАЛАПТАРЫ:
1. Академиялық қарыздың болмауы;
2. Тәртіптік жазалардың болмауы;
3. GPA – 3,2 және одан жоғары (қайта өтініш берушілер үшін – 3,6);
4. Халықаралық немесе республикалық олимпиадалар мен конференцияларда жетістіктерінің болуы (құпталады);
5. Оқыту тілін меңгеру деңгейі B2-ден төмен болмауы тиіс (IELTS 6.5 немесе B2 сертификаты).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1. CV / Түйіндеме
2. Motivation Letter / Мотивациялық хат
3. Recommendation Letter / Ұсыным хат
4. 3×4 фото
5. Паспорт
6. Транскрипт
*Алыс шетел бағдарламалары үшін құжаттар ағылшын тілінде ұсынылуы қажет.
ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАНАДЫ:
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі
«Астана медицина университеті» КеАҚ
Астана қ., Бейбітшілік даңғылы 49А, бас корпус, 414 кабинет
Кеңес беру және құжаттарды қабылдау уақыты: 16:00–17:00
Конкурс өткізу күні қосымша хабарланады.