Ғылымға, білімге және медицинадағы мемлекеттік тілдің дамуына арналған ғұмыр

Ғылымға, білімге және медицинадағы мемлекеттік тілдің дамуына арналған ғұмыр

Ғылымға, білімге және медицинадағы мемлекеттік тілдің дамуына арналған ғұмыр

Медицина қызметкерлері күніне орай «Астана медицина университеті» КеАҚ-та медицина ғылымы мен жоғары медициналық білімнің дамуына, сондай-ақ мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан университет ардагері, медицина ғылымдарының кандидаты, профилактикалық медицина және тағамтану кафедрасының бұрынғы профессоры Мұхамбедия Ахмет-Төренің мерейлі 80 жасына орай іс-шара ұйымдастырылды.

Мұхамбедия Ахмет-Төре – ұзақ жылдар бойы жас мамандарды даярлауға, медициналық ғылымды дамытуға және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге зор еңбек сіңірген білікті ғалым, тәжірибелі ұстаз әрі қоғам қайраткері. Ол университеттің Мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясаты бөлімінің алғашқы басшысы ретінде қазақ тілінің медицина саласында қолданылуын кеңейтуге, медициналық терминологияны жүйелеуге және салалық сөздіктерді әзірлеуге белсенді атсалысты.

Мерейтой иесі – «Қазақ тілінің жанашыры» Құрмет белгісінің иегері, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісінің иегері. Оның ғылыми-педагогикалық қызметі мен тіл саясатын дамытуға қосқан үлесі әріптестері мен шәкірттері тарапынан жоғары бағаланып келеді.

Шара барысында университеттің Бақылау, құжат айналымы және мемлекеттік тілді дамыту департаментінің басшысы Анар Ромазанова, Терминологиялық комиссия төрағасы Дидар Жарикова, Терминком мүшелері және бірге жұмыс істеген әріптестері мерейтой иесін құттықтап, ғылым мен білім саласындағы жемісті еңбегі үшін алғыс білдірді. Қатысушылар Мұхамбедия Ахмет-Төренің кәсіби қызметі, адами болмысы және мемлекеттік тілдің дамуына қосқан үлесі туралы жылы лебіздерін жеткізді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика