Резидентураға түсушілерге арналған ақпарат

Резидентураға түсушілерге арналған ақпарат

Резидентураға түсушілерге арналған ақпарат

Резидентураның білім беру бағдарламаларына конкурсқа қатысу үшін іріктеудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ететін Бірыңғай ақпараттық платформа қолданылады.

Платформаның мүмкіндіктері

·       Үміткер конкурсқа қатысу үшін резидентураның 4 білім беру бағдарламасына дейін және резидентура бағдарламаларын іске асыратын 4 білім беру ұйымына дейін таңдай алады.

·       Платформа әрбір үміткердің конкурстық балын автоматты түрде есептейді.

·       Платформа жинаған конкурстық балдарына сәйкес үміткерлерді автоматты түрде рейтингке орналастырады.

·       Үміткер рейтингтегі өз орнын бақылап, таңдаған білім беру бағдарламасына түсу мүмкіндігін бағалай алады.

 

Конкурстық балды есептеу

Конкурстық балл келесі формула бойынша есептеледі:

 

(GPA × 50) / 4 + (Қорытынды аттестаттау бағасы × 5) / 10

мұндағы:

GPA – бакалавриат және интернатура бағдарламалары бойынша оқу кезеңінің барлық мерзіміндегі үлгерімнің жалпы орташа балы;

Қорытынды аттестаттау бағасы – бітірушінің қорытынды аттестаттау нәтижесі.

 

Есептелген конкурстық балл негізінде жүйе резидентураның әрбір білім беру бағдарламасы бойынша үміткерлердің рейтингін автоматты түрде қалыптастырады.

Рейтинг конкурстық балдардың кему тәртібі бойынша жасалады.

Бұл үміткерлерге нақты уақыт режимінде рейтингтегі өз орнын бақылауға және таңдаған білім беру бағдарламалары мен білім беру ұйымдарына түсу мүмкіндігін бағалауға мүмкіндік береді.

 

Маңызды!

Құжаттарды тапсырар алдында:

·       жеке тұлғаның жарамды электрондық цифрлық қолтаңбасының (ЭЦҚ) болуы;

·       ЭЦҚ файлдарының бар екеніне және олардың қолданылу мерзімінің өзекті екеніне көз жеткізу қажет.

 

Жарамды ЭЦҚ-ның болмауы өтініш беруді және конкурсқа қатысуды қиындатуы мүмкін.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика