Сеченов университетіндегі «Summer School: Innovative Drugs» халықаралық Жазғы мектебі: АстМУ фармацевт-студенттері үшін жаңа тәжірибе

Сеченов университетіндегі «Summer School: Innovative Drugs» халықаралық Жазғы мектебі: АстМУ фармацевт-студенттері үшін жаңа тәжірибе

Сеченов университетіндегі «Summer School: Innovative Drugs» халықаралық Жазғы мектебі: АстМУ фармацевт-студенттері үшін жаңа тәжірибе

Астана медицина университетінің «Фармация» білім беру бағдарламасының студенттері И.М.Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті базасында академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Summer School: Innovative Drugs» халықаралық жазғы мектебінде оқуды сәтті аяқтады.

Білім беру бағдарламасы мыналарды қамтыды:

1. Дәріс блогы – Сеченов университетінің жетекші профессорлары мен зерттеушілерінен. Негізгі тақырыптар: инновациялық дәрілік заттарды жобалау және әзірлеу, фармациядағы заманауи генетикалық технологиялар, антибиотиктерге төзімділік жаһандық проблемасы, жаңа препараттарды іздеуде жасанды интеллект пен нейрондық желілерді қолдану, ісікке қарсы пептидтерді әзірлеу.

2. Практикалық сабақтар мен зертханалық практикум – Биомедицина ғылыми-технологиялық паркі және Трансляциялық медицина институты базасында. Студенттер жоғары технологиялық жабдықтармен жұмыс істеп, GMP және GLP қағидаттарын меңгеріп, доклиникалық зерттеулердің кезеңдерімен танысты.

3. Университет зертханаларына ғылыми экскурсиялар және халықаралық гранттық жобаларды жүзеге асыратын жас ғалымдармен кездесулер.

Жазғы мектептен өту АМУ студенттеріне бейіндік пәндер бойынша білімдерін тереңдетіп қана қоймай, пәнаралық зерттеулер, халықаралық командада жұмыс істеу және ағылшын тілінде ғылыми коммуникация саласындағы құзыреттерге ие болуға мүмкіндік берді. Алынған тәжірибе фармацевтика саласының бәсекеге қабілетті мамандарын даярлаудағы маңызды қадам болып табылады.

Аталған бағдарламаны өткізу «Астана медицина университеті» КеАҚ пен И.М. Сеченов атындағы Бірінші МММУ арасындағы білім беру, ғылым және академиялық ұтқырлық саласындағы ұзақ мерзімді стратегиялық әріптестікті дамытудың кезекті кезеңі болды.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика