Астана медицина университеті Times Higher Education Impact Rankings 2026 халықаралық рейтингінде өз көрсеткіштерін жақсартып, 2025 жылғы 1501+ тобынан 2026 жылы 1001–1500 тобына көтерілді.
Университет БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарының ішінде SDG 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» бағыты бойынша ең жоғары нәтижеге қол жеткізіп, әлем университеттері арасында 101–200 орынға ие болды (2025 жылы – 401–600 орын).
Сонымен қатар университет келесі бағыттар бойынша көрсеткіштерін жақсартты:
- SDG 3 «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» – 401–600 орыннан 101–200 орынға;
- SDG 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» – 1001+ тобынан 801–1000 тобына;
- SDG 16 «Бейбітшілік, әділеттілік және тиімді институттар» – 601–800 тобынан 401–600 тобына;
- SDG 17 «Тұрақты даму мақсаттары үшін әріптестік» – 1001–1500 тобынан 601–800 тобына көтерілді.
Қол жеткізілген нәтижелер университеттің медициналық білім беру, ғылым, денсаулық сақтау және тұрақты даму салаларындағы жетістіктерін растап, оның халықаралық беделі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.