Астана медициналық университеті Польша академиясымен әріптестікті нығайтуда

Астана медициналық университеті Польша академиясымен әріптестікті нығайтуда

Астана медициналық университеті Польша академиясымен әріптестікті нығайтуда

«Мазовия» қолданбалы ғылымдар академиясының (Польша) базасында “Педиатриядағы мейіргерлік күтім” бойынша халықаралық тағылымдама өтті. Оған Астана медициналық университетінің мейіргер ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD, қауымдастырылған профессор Ұлбосын Шералиевна Салтабаева қатысты. Іс-шара 2026 жылғы 20-26 маусым аралығында жоғары оқу орындары арасындағы қолданыстағы ынтымақтастық меморандумы аясында өтті.

Сапар барысында Ұлбосын Салтабаева дәрістер мен практикалық сабақтар өткізіп, Астана медициналық университетінде қолданылатын симуляциялық орталық пен инновациялық технологияларды қоса алғанда, заманауи білім беру тәсілдерімен таныстырды. Сонымен қатар бағдарлама клиникалық базаларға барумен, II Иоанн Павел атындағы Мазовецк облыстық көпсалалы ауруханасы және профессор А.Груцы атындағы клиникалық ауруханада консилиумдарға қатысуды қамтыды.

Жұмыс кездесулері кафедра оқытушыларымен, «Эразмус+» бағдарламасының үйлестірушісі Патриция Цекотпен, ректор кеңесшісі Татьяна Андрухивпен өтті, ал академия ректоры Беата Данецка-Кшепотскаямен кездесу ерекше маңызды болды. Онда бірлескен ғылыми және білім беру жобаларының перспективалары талқыланды.

Тағылымдама қорытындысы бойынша Ұлбосын Салтабаева 50 академиялық сағат көлемінде сертификат және академия ректорының алғыс хатын алды.

Халықаралық тағылымдамаларға қатысу академиялық байланыстарды нығайтумен медицина саласында бірыңғай ғылыми-білім беру кеңістігінің дамуына ықпал етеді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика