«Мейіргер ісі» кафедрасындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған алғашқы диссертацияның сәтті қорғалуы

«Мейіргер ісі» кафедрасындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған алғашқы диссертацияның сәтті қорғалуы

«Мейіргер ісі» кафедрасындағы философия докторы (PhD) дәрежесін алуға арналған алғашқы диссертацияның сәтті қорғалуы

Астана медицина университетінің «Мейіргер ісі» кафедрасы үшін тарихи әрі айтулы оқиға орын алды – кафедра тарихында алғаш рет философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертация сәтті қорғалды.

Ғылыми зерттеу нәтижелерін сәтті қорғаған докторант – Айжан Байтуганова. Диссертация қорғауы Қарағанды медицина университеті жанындағы «Қоғамдық денсаулық сақтау» және «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесте өтті.

Диссертация тақырыбы – «Алғашқы медициналық-санитариялық көмек жағдайында балалардың тыныс алу жүйесі аурулары кезінде мейіргерлік көмек көрсету моделін әзірлеу». Зерттеу 8D10101 – «Мейіргерлік ғылым» білім беру бағдарламасы аясында орындалды.

Ғылыми консультанттары: медицина ғылымдарының докторы, АстМУ «Мейіргер ісі» кафедрасының профессоры Гулнар Адильхановна Жақсылыкова; PhD, қауымдастырылған профессор, АстМУ «Мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі Улбосын Шералиевна Салтабаева; Литва денсаулық ғылымдары университеті профессоры, PhD Юрате Мачияускене.

Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша диссертациялық кеңес Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетіне Байтуганова Айжан Нуржановнаға философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы өтінішхат жолдау жөнінде шешім қабылдады

Бұл қорғау «Мейіргер ісі» кафедрасының тарихындағы маңызды белес болып табылады және мейіргерлік ғылым мен білім беру саласында ғылыми кадрларды даярлау ісінің табысты дамып келе жатқанын айқын көрсетеді.

Айжан Нұржанқызын осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта жаңа ғылыми табыстарға, кәсіби өсімге және толағай жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Сондай-ақ, кәсіби біліктілігі мен жан-жақты қолдауы осы тарихи оқиғаның жүзеге асуына зор үлес қосқан ғылыми консультанттарды да шын жүректен құттықтаймыз.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика