Магистр дипломдарын салтанатты табыстау рәсімі: жаңа кәсіби жолдың бастауы

Магистр дипломдарын салтанатты табыстау рәсімі: жаңа кәсіби жолдың бастауы

Магистр дипломдарын салтанатты табыстау рәсімі: жаңа кәсіби жолдың бастауы

2026 жылғы 15 шілдеде Астана медицина университетінде академиялық жылдың маңызды оқиғаларының бірі – Магистратура және докторантура бөлімінің 7М10104 «Фармация», 7М10102 «Медицина», 7М05101 «Биология», 7М10112 «Фармация», 7М10113 «Клиникалық психология» білім беру бағдарламалары бойынша білім алған 55 магистратура түлегіне дипломдарды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

Бұл күн медицина, фармация, биология және клиникалық психология салаларына өз өмірін арнаған жас мамандардың кәсіби және ғылыми қалыптасуындағы маңызды кезеңнің аяқталғанын білдіретін ерекше мереке болды.

Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындаудан басталды.

Түлектерге, олардың ата-аналары мен жақындарына, профессор-оқытушылар құрамына және қонақтарға ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Шульгау Зарина Тоқтамысовна құттықтау сөз арнады.

Жас магистрлерге ақжарма тілектерін медицина ғылымдарының докторы, профессор, №1 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі Моренко Марина Алексеевна, сондай-ақ PhD, Академиялық даму орталығының басшысы Раисова Қарлығаш Аскеровна жеткізді.

Мерекелік кештің ерекше атмосферасын халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаты, Мемлекеттік опера және балет театрының солисі Талғат Аллабириновтың орындауындағы Нұрғиса Тілендиевтің «Өз елім» және Төлеген Мұхамеджановтың «Город мой» шығармалары айшықтай түсті.

Салтанатты диплом табыстау рәсімі – бұл тек жетістіктер мерекесі ғана емес, сонымен қатар академиялық дәстүрлердің сабақтастығының, кәсіби шеберліктің және медициналық білім берудің жоғары мұраттарына адалдықтың жарқын көрінісі.

Университет магистратура түлектерін оқуын табысты аяқтауымен шын жүректен құттықтайды және оларға алдағы кәсіби жолында сенімді қадам басып, отандық ғылымның, денсаулық сақтау мен білім беру саласының дамуына өз үлестерін қоса отырып, мамандықтың озық дәстүрлерін лайықты жалғастыруларына тілектестік білдіреді.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика