2026 жылғы 10 тамызда Астана медицина университетінде «Абай – ұлттың рухани темірқазығы» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.
Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Бағдарлама аясында:
«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына» онлайн-экскурсия;
Абай шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы;
«Абай әлемі» атты танымдық викторина;
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.
Өтетін күні: 2026 жылғы 10 тамыз
Уақыты: 10:00–11:00
Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 53, кітапхана коворкингі, 3-қабат.