Астана медицина университеті Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған әдеби-танымдық кешке шақырады

2026 жылғы 10 тамызда Астана медицина университетінде «Абай – ұлттың рухани темірқазығы» атты әдеби-танымдық кеш өтеді.

Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын дәріптеу арқылы мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.

Бағдарлама аясында:

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығына» онлайн-экскурсия;

Абай шығармаларын мәнерлеп оқу байқауы;

«Абай әлемі» атты танымдық викторина;

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтеді.

Өтетін күні: 2026 жылғы 10 тамыз

Уақыты: 10:00–11:00

Өтетін орны: Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 53, кітапхана коворкингі, 3-қабат.

Тізімге оралу
© 2022, Астана медицина университеті
Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі 49а
тел.: +7 (7172) 53 94 47; +7 700 153 94 47
Яндекс.Метрика